Біздің балабақшаның ерекшелігі неде?
Ең алдымен, біз балалардың дені әрі рухы сау болуына қатты көңіл бөлеміз. Осыған орай біз күн тәртібімізге кинезиологиялық гимнастика «Brain Gym» (ми гимнастикасы) сабақтарын енгіздік. Білім беру жағына келетін болсақ, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің дүниежүзілік тәжірибесінің ең озық дегендерін алып, өзіміздің эксклюзивті оқу бағдарламамызды жасадық. Біздің білім беру бағдарламамызға мультисенсорлы Jolly Phonics, Европадағы сәтті саналатын Вальдорф әдістемесін, Монтессори әдістемесін, Kumon, сондай-ақ математикадан сингапурлық әдістеме мен Нумиконды енгіздік.
Біздің бала бақшаның негізгі ұстанымы – оқу үрдісі және ойын кезінде қазақ тілін тереңдете үйрету. Билингвизм (қостілдік) қазіргі уақытта әдеттегі құбылысқа айналды. Сондықтан біз балалардың қазақ және ағылшын тілдерін білуіне мүмкіндік жасағымыз келеді, қазіргі қоғамда өзін жайлы сезіну үшін бұл қажет-ақ. Тілді үйрену сабақ үстінде емес, табиғи тілдік ортада, ойын барысында, күнделікті жағдайларда жүзеге асады.
Біздің бала бақшаның негізгі бағдарламасына сондай-ақ сауықтыру процедуралары, хореография, музыка және театр өнерінің негіздері, домбыра, ертегі-терапия, эстетикалық тәрбие енгізілді. Қажет болса психолог және логопедпен сабақ өткізіледі. Мектепке дайындық қазақ тілінде жүргізіледі.