← Ата-анаға

Ата-анаға билингвизм туралы айтылар сөз

Билингвизм (қостілдік) саласындағы соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері қызғылықты көрінеді. Ғалымдардың анықтауы бойынша, екі және одан да көп тілдерді білетін балалар мектепте жақсы үлгереді. Олардың ақыл-ой дамуының IQ коэффициенті тілдерді білмейтін қатарласына қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Билингвизм ақыл-естің дамуына, математикалық дағдыға, логикаға, реакцияның жылдамдығына ықпал етеді. Осыған орай әдебиет, абстрактылы ғылымдар жақсы игеріледі. Қос тілді балалар толеранттықпен, психологиялық икемділікпен ерекшеленеді. Сондай-ақ ғалымдар тілдерді ерте жастан үйренсе ғана нағыз билингвизм мүмкін дегенді айтады. Бір емес, екі тілді ана тілі санайтын адамдар баяу қартаяды. Канадалық ғалымдар осындай қорытындыға келген. Олардың айтуынша, бала жастан қос тілде сөйлейтін адамдар егде жаста ақыл-ой қабілетін баяу жоғалтады. Ғылымда белгілі нәрсе: билингв-балалар жоғары шығармашылық қабілетімен көзге түседі.






Написать комментарий

You must be logged in to post a comment.