← Родителям

Біздің «Балажан» балабақшамыз – ертеңгі болашақтың бүгінгі бастауы әрі негізі

Бала тәрбиесі тек ата-ана үшін ғана емес, қоғам, мемлекет үшін де маңызды мәселе. Себебі, бүгінгі бала — ертеңгі азамат. Демек, жақсы азамат болып қалыптасудың бастауы – балабақша.
Ата-ана балабақша таңдағанда ең басты назарда тәрбиеші болатыны ақиқат.

«Балажан» балабақшасы да жекеменшік балабақшалардың бірі. Бірақ, қатардағысы емес. Басқа балабақшалардан бірден-бір ерекшелігі – қазақ тілін тереңдете үйрету. Қазіргі қоғамда өзін жайлы сезіну үшін қос тілдік (билингвизм) қажет-ақ. Сондықтан біз балалардың қазақ және орыс тілдерін білуіне мүмкіндік жасағымыз келеді. Тілді үйрену сабақ үстінде емес, табиғи тілдік ортада, ойын барысында, күнделікті жағдайларда жүзеге асады. Қазақ және орыс тілдерімен қоса бағдарламада ағылшын тілін үйрену де көзделген.

Біздің балабақшаның негізгі бағдарламасына сондай-ақ сауықтыру процедуралары, хореографиямен айналысу, музыка және театр өнері негіздері, ертегі-терапия, эстетикалық тәрбие енгізілді. Қажет болса психолог және логопедпен сабақ өткізіледі. Мектепке дейінгі дайындық таңдау бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, біздің «Балажан» балабақшасының кадрлар таңдауда өзіндік талаптары бар. «Балажан» қызметкері атану үшін кәсіби біліміңіз, тәжірбиеңізбен бірге, мемлекеттік тіл – қазақ тілін мәдени әрі толық меңгерген болуыңыз керек. Бұған қоса, балаларға деген қарым-қатынасыңыз, мейірім мен ізгілік те бір бойыңыздан табылуы шарт. Дәл осы талаптардың үдесінен шығып, іріктеліп алынған мамандар қазіргі күні «Балажан» балабақшасының жұмысын ілгерлетіп, беделін өсіріп, ата-ана алдында абыройлы бейнесін түсірмей келеді.

Бұған қоса, біздің балабақша ұжымы өзара татулығымен де, бірлігімен де , озық идеяларымен де үлгілі. Әр баланың талабы мен бейімін қалт жібермей байқап, дер кезінде баланың бойындағы жақсы қасиеттерін жан-жақты дамытуға аса көңіл бөлеміз. Тіпті кішігірім топтардың өзіне екі тәрбиеші, бір күтушіден бөлінуінің де маңызы осында.

«Балажан» балабақшасының өзгелерден тағы бір ерекшелігі — мамандарымыздың білімін жоғары дәрежеде жетілдіріп отыру. Яғни қазақ тілін мәдени, таза сөйлеуін қадағалай отыра, әр сенбі сайын Монтессори, Зайцев әдістемелері бойынша және де көркем-өнер ( сызу, сурет салу, мүсіндеу,жапсыру), денешынықтыру тәрбиесін дамыту үшін білікті мамандармен тренингтер жүргізіп отырамыз.
Демек, біздің «Балажан» балабақшамыз – ертеңгі болашақтың бүгінгі бастауы әрі негізі деп айтуға толық негіз бар.






Написать комментарий

You must be logged in to post a comment.