← Ата-анаға

«Балажан» балабақшасында Ертегі терапиясы тәжірибеде қолданылатынын, білесіздер ме?

10345775_261385614045656_4724129552027625048_n«Балажан» балабақшасында Ертегі терапиясы тәжірибеде қолданылатынын, білесіздер ме? Ертегілер – бұл есейген кезде мінез-құлық модельдерінің қалыптасуына әсер ететін алғашқы сюжеттер. Кейбіреулері Күлқызы секілді еңбектеніп, сиқырға тап болады, басқалары Перизат сияқты құбыжықты көрікті ханзадаға айналдырады, ал тағы біреулері Су перісі секілді біреудің бақыты үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын болады.
Ертегі терапиясы – бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін, сананы кеңейту үшін, айналадағы ортамен өзара әрекет етуді жетілдіру үшін ертегіні пайдаланатын әдіс.

Ертегі терапиясының көмегімен балаларда қоршаған әлемге деген белсенді қызығушылығын қалыптастырамыз. Ал ертегіні айту кезінде, бала мен ересек адамның арасында коммуникативтік ынтымақтастық жағдайын жасаймыз. Бала ертегіні тыңдау арқылы мазмұнды бірізді айтуға, жағдайы бойынша әрекет етуге үйренеді. Сондай-ақ координация, моторика, кеңістікте бағыт табуды үйренеді.
Ұйықтар алдында бүлдіршіндеріңізге ертегі айтуды ұмытпаңыздар!